"ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 50 жылдық мерейтойы қарсаңында қызметкерлер арасында садақ ату, жүгіру сынды спорт түрлерінен, тоғызқұмалақ ойынынан және «Counter-Strike», «PlayStation: FIFA 22» сынды компьютерлік ойындардан жекелей және топтық сайыстары өткізілді.
![]()
![]()
Спорттық ойындарда қызметкерлердің көпшілігі ерекше белсенділік танытты. Нәтижесінде әйелдер арасында өткізілген садақ атудан Әсем Әбдікерімова І орынға лайық деп танылса, Мейрамгүл Қоңырбаева ІІ орынға, АйшаАлдабергенова ІІІ орынға ие болды.
![]()
![]()
![]()
![]()
Ал, әйелдер арасында өткізілген тоғызқұмалақ ойынынан Асем Алдабергенова қарсыластарына дес бермеді. Ойын кезінде жоғары ұпай жинап І орын алды. Жалпы есеп бойынша ІІ орын Ғазиза Саулебаеваға, ІІІ орын Гүлзия Чанбаеваға бұйырды. ![]()
![]()
![]()
Сонымен қатар, әйелдер арасында 100 м қашықтықта жүгіруден өткен жарыста СаидаІңкәрова бірінші боп мәре сызығын кесті. ГүлвираЖакупова екінші болса, Мөлдір Жұмабаева ІІІ орынға табан тіреді.
![]()
Сайыс жеңімпаздарына арнайы грамоталар беріліп, сый-сияпат тарту етілді.