Салтанатты шара барысында кәсіпорында еңбек етіп жүрген нәзік жандыларға ерекше құрмет көрсетіліп, олардың еңбектегі жетістіктері мен ұжымның дамуына қосқан үлесі аталып өтті.
Мерекелік жиында қала әкімінің орынбасары Мақсат Мұқаш , Серіктестіктің бас директоры Дамир Шырақбаев , сондай-ақ «ӨзенМұнайСервис» ЖШС кәсіподақ ұйымының төрағасы Саламат Серіков , «Жөндеу» кәсіподақ төрағасы Қыдырсых Сундетбаев және «Шаңырақ» кәсіподақ төрағасы Хамит Сағыев құттықтау сөз сөйлеп, әйелдер қауымына ізгі тілектерін білдірді.
Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер адал еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Шара барысында жылы лебіздер айтылып, мерекелік көңіл күй сыйлаған әсерлі сәттер көп болды. Көктемнің көрікті мерекесі әйелдерге деген құрмет пен ризашылықтың айқын көрінісіне айналды.
Барша аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз! 💐
![]()
#8наурыз #ХалықаралықӘйелдерКүні #ӨзенМұнайСервис #Жаңаөзен #Құттықтау