
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ cеріктестігінің ұжымы зейнет демалысына жолдама алған кезекті еңбек ардагерлеріне ілтипат көрсетті.
Құрметті еңбек демалысына шыққан ел азаматтары Айдарбай Мухамедов, Тәжібай Жылқыбаев және Қонысбай Тайпақов сынды мамандарды мерейлі мерекесіне орай серіктестік басшысының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі атқарушы директоры Нұрым Ермағанбетов пен әлеуметтік саясат және шаруашылықпен қамту бөлімінің басшысы Сәрсенбай Аманғали қабылдап, ұжым атынан құттықтап сый-сияпат табыс етті.
Сонымен қатар "Жөндеу" жергілікті кәсіподағының төрағасы Сағыныш Чанкурбаев та арнайы келіп, құттықтады.
Абыройлы еңбек еткен ардагер мамандарға зор алғыс айтылып, жылы лебіздер жолданды.