Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ Ақтауда ҚМГ-ның мұнай сервисі кәсіпорындарының даму стратегиясы талқыланды

Ақтауда ҚМГ-ның мұнай сервисі кәсіпорындарының даму стратегиясы талқыланды

« Назад

Ақтауда ҚМГ-ның мұнай сервисі кәсіпорындарының даму стратегиясы талқыланды 25.05.2026 10:00

📍«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ҚМГ-ның мұнай сервисі бағытындағы еншілес ұйымдарымен жиналыс өткізіп, онда 2026-2030 жылдарға арналған даму стратегиялары қаралды.

🟦Жиында мұнай сервисі компанияларының перспективті даму бағыттары, соның ішінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу мен жабдықты жеткізуден бастап, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға дейінгі жұмыс ауқымының толық циклін қамтитын инфрақұрылымдық EPC-жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды.

🗣Бұған қоса, автомобиль жолдарының, суға тосқауыл болатын жерлердің және басқа да нысандардың астында өткелдерді салу кезінде көлденең бағытталған бұрғылау саласындағы қызмет түрлерін кеңейту, металл конструкцияларын жасау, сондай-ақ жақын шетелдің нарықтарына шығу мәселелері сөз болды.

💻Сонымен қатар перспективті цифрлық жобалар да қаралды, атап айтқанда деректерді талдау негізіндегі операцияларды дамыту, өндіріс тиімділігін жоғарылатуға және операциялық тәуекелдерді азайтуға бағытталған ұңғымалардың цифрлық мониторингі мен предиктивті сараптама жүйелерін енгізу.

📌Жиын қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы компаниялардың рентабельділігін қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін арттыру және жаңа технологияларды енгізу жөнінде тапсырмалар берді.

📱 ҚазМұнайГаз

45245040144545410

452452450

544540000445878

4555754100001141


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»