Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ Ақтауда ҚМГ-ның мұнай сервистік компаниялары қызметіне қатысты жиын өтті

Ақтауда ҚМГ-ның мұнай сервистік компаниялары қызметіне қатысты жиын өтті

« Назад

Ақтауда ҚМГ-ның мұнай сервистік компаниялары қызметіне қатысты жиын өтті 27.11.2025 12:00

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов ҚМГ-ның еншілес мұнай сервистік ұйымдарымен жиналыс өткізіп, онда 2025 жылы атқарған жұмыс нәтижелері және 2030 жылға дейінгі даму жоспарлары қаралды.

«Oil Services Company», «Oil Construction Company», «Ойл Транспорт Корпорейшэн», «Өзенмұнайсервис», «Кен-Құрылыс-Сервис», «Маңғыстауэнергомұнай», «Су өндіру және тасымалдау басқармасы», «Мұнайтелеком» және «KMG EP-Catering» мекемелерінің есептері тыңдалды.

2025 жылдың 10 айында мұнай сервистік компаниялар Маңғыстау облысында мұнай өндіру деңгейін ұстап тұру үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) мен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да (ММГ) іс-шаралар кешенін жүзеге асырды. Атап айтқанда, ММГ компаниясында 76 ұңғыма бұрғыланып, 4311 ұңғымада жерасты жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеу ӨМГ-ның 591 ұңғымасында және ММГ-ның 528 ұңғымасында атқарылды. Ұңғымаларды жайластыру іс-шаралары ММГ-ның 120 нысанында және ӨМГ-ның 74 нысанында жүргізілді.

Сонымен қатар мұнай сервистік кәсіпорындар ММГ құбырларының 109 шақырымын күрделі жөндеуден өткізіп, ӨМГ компаниясына қарасты 67 км мұнай құбыры мен 19 км газ құбырларын реконструкциялады.

Жиын қорытындысы бойынша А.Хасенов операциялық тиімділікті арттыру, шығын көлемін оңтайландыру, жабдықтар мен арнайы техниканы жаңарту, цифрлық технологиялар мен автоматтандыруды енгізу, қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

#ҚазМұнайГаз #КМГ #МұнайСервис #Өндіріс #МұнайӨнеркәсібі #KMGServices #ОперациялықТиімділік #Цифрландыру #Энергетика

 

укі105835


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»