Ақжаулықты аналар, сұлу қыз-келіншектер!
Көктеммен бірге келетін жарқын мереке 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мерекені бүкіл әлемде дәл осы көктемде атап өту кездейсоқ емес. Өйткені бұл кезең жаңа өмірді бейнелейді. Махаббат пен сұлулықтың, үміт пен мейірімділіктің бастауын, жарқын өзгерістерді сүйіншілейді.
Ана-тіршілік тірегі, әйел-ердің қолдаушысы болса, қыздарымыз-өмірдің сәні десек артық болмас. Әр жанұяның шуағы мен шырағына айналған нәзік жандыларымызға бақыт, шаттық, табыстар тілеймін!
Құрметті әйел-аналар, арулар, құлпыра беріңіздер! 🌷🌷🌷
Құрметпен, "ӨзенМұнайСервис" ЖШС Бас директордың қызметкерлерді басқару, еңбекақы төлеу және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары
Ермаганбетов Нурым Амантаевич