
2023 жылы 14- 17 қырүйек күндері арасында Ақтау қаласында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ компаниялар тобының "ҮЗДІК МАМАН - 2023" кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Мұнай-газ саласының қызметкерлері арасында кәсіби шеберлік байқау "Қаражанбасмұнай" АҚ-ның өндірістік объектілерінде өткізіліп, сайысқа 19 кәсіпорыннан 116 қатысушы бақ сынады.
Кәсіби шеберлік байқаудың қорытындыларына келе "ҰҢҒЫЛАРДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ БРИГАДАСЫ" аталымы бойынша Серіктестігіміздің білікті мамандары теория және практикалық кезеңдерде бақ сынап жоғары көрсеткіштермен топ жарып I орынға ие болды.
"ҰҢҒЫЛАРДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ БРИГАДАСЫ" аталымы бойынша жеңіске жеткен үздіктер 13-ші бригада вахтасы:
Е. Тажмагамбетов- ҰКЖ бұрғышысы
Е. Ташмухамбетов- бұрғышы көмекшісі
М. Хыдыр- бұрғышы көмекшісі
Н. Жолдыбаев- бұрғышы көмекшісі
А. Бимагамбетов- көтергіш машинисті
Әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз.
Біз сіздермен мақтанамыз !!!