АМАЛ КЕЛДІ, ЖЫЛ КЕЛДІ 15.03.2022 00:00
"ӨзенМұнайСервис" ЖШС мамандары 14 наурыз - Амал мерекесін ұжыммен атап өтті. Басшылық құрам таңертеңмен ауысым қызметкерлері жұмысқа кету үшін жиналатын автобекетке барып, олардың қызметіне сәттілік тіледі. Жиналғандар бір-бірімен арқа-жарқа боп, құшақтасып, көрісіп, мерекенің салтына сай төс қағыстырды.
Көпшілігі ұлттық нақыштағы әдемі киімдерін киіп, ерекше мерекенің сәнін кіргізді. Нәзік жандылар дастарханға нан мен ағарған қойып, тәттілерін ұсынды. Барлығы дастарханнан дәм татып, ел амандығы мен мығым бірлігін сұрап дұға-тілек айтып, ақ бата берілді.