Құрметті әріптестер “ӨзенМұнайСервис” ЖШС ұжымы атынан баршаңызды келіп жеткен Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Амал - жылдың басы. Еліміздің батыс аймағы, әсіресе маңғыстаулықтар асыға күтетін мерейлі мейрам. Ғасырларды жалғаған, өткеннің ізін салып, сырын шертетін ата-бабамыздың “жылдан аман шықтың ба?” деп қуанып көрісетін мерекесі. Суыған көңілді жылытып, аразды достастыратын татулықтың мерекесі. Арайланған таңды көріп “Амал келді, жыл келді” деп үлкенді-кішілі құшақтасып, хәл сұрасып, 40 үйден дәм ауыз тиетін бірліктің мерекесі.
Баршамыздың жаңа жасымыз құтты болсын! Жылдан жылға, амалдан амалға төрт көзіміз түген, аман-есен жете беруді жазсын! Аузымыз бір болып, ел игілігі үшін қызмет ете берейік! Әр шаңырақтан қуаныш, құт-береке арылмасын!