
АРДАГЕРЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін «ӨзенМұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Жиында «ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директоры О.Н.Тарғынов Серіктестік қабырғасында қызмет етіп жүрген Ауған, Тәжікстан жерлерінде соғысқа қатысқан және Семей полигонына қатысқан бірқатар мамандарды алғыс хат және құрмет грамоталарымен марапаттады. Оларға мереке қарсаңында гүл шоқтарын сыйға тартып, автокөлік жуу қызметіне сертификаттар табыс етілді.
Жиында әріптестер тарапынан тілектер айтылып, марапатқа ие болған мамандар ерекше ықыласқа бөленді. Шара соңы естелік суретке түсумен аяқталды.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс