АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 07.05.2022 00:00
Бүгін Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні қарсаңында "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінің бас директоры Қанағат Мыңтұрғанов пен бір топ мамандар тыл ардагерлерін мерекемен құттықтады.
Жаңаөзен қаласында тұратын ел қорғауда ерлік көрсеткен Сатыбалды Ізбасаров және Бердібек Аязов есімді азаматтардың шаңырағына арнайылап барып, "ӨзенМұнайСервис" ұжымы мен "Аманат" партиясының құттықтауын жеткізді. Мерекеге орай дайындалған сыйлық себеттерін тарту етті.
Ардагерлер өз кезегінде қуанышымен бөлісіп, ризашылығын білдірді. Кездесуде майдан даладасындағы басынан өткерген естеліктерімен бөлісіп, отырыс соңында ел амандығы үшін бата тіледі.