АРНАЙЫ МАМАНДАР КЕЛДІ 12.11.2021 00:00
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде екпе алу жөнінде түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұл жолы компаниямызға ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттықторталығы директорының орынбасары А.Қуатбаева, Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетінің жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі Мейрамбек Құрманғазин, Маңғыстау облыстық СЭС басшысының орынбасары Г. Куркембаева және Жаңаөзен қаласы СЭС басшысы К.Есмурзаева арнайы келді. Мамандар серіктестік қызметкерлерімен кездесіп, вакцина жөнінде толыққанды мәлімет берді. Қызметкерлер тарапынан туындаған барлық сұрақтарға жауап беріп, ойларымен бөлісті.