
Көктемде Табиғат-Ана құлпырып, өзгеше күйге бөленгенде мереке мен қуаныш та қатар келеді. Сондай ерекше мерекенің бірі аяулы ана мен нәзік жандыларымыздың мерейін үстем ететін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнін «ӨзенМұнайСервис» ЖШС жоғары дәрежеде атап өтті.
Арулардың құрметіне арнап мерекелік дастархан жайылып, ерекше көңіл күй сыйлаған кеш ұйымдастырылды. Құшақ-құшақ гүл шоқтары мен түрлі сый-сияпаттар табыс етілді. Серіктестік қабырғасындағы “Жас Мамандар» кеңесінің ұйымдастыруымен ән мен жырдан шашу шашылды. Еліткен вальс биленіп, поэзияның тиегі ағытылды.
Жігіттер тарапынан нәзік жындыларға алғыс айтылып, ынта-ықыласқа бөленді. Бір қатар қыз-келіншектер бас директор Қ.Мыңтұрғановтың атынан алғыс хатқа ие болды.