Көктемде Табиғат-Ана құлпырып, өзгеше күйге бөленгенде мереке мен қуаныш та қатар келеді. Сондай ерекше мерекенің бірі аяулы ана мен нәзік жандыларымыздың мерейін үстем ететін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнін «ӨзенМұнайСервис» ЖШС жоғары дәрежеде атап өтті.
![]()
Арулардың құрметіне арнап мерекелік дастархан жайылып, ерекше көңіл күй сыйлаған кеш ұйымдастырылды. Құшақ-құшақ гүл шоқтары мен түрлі сый-сияпаттар табыс етілді.
![]()
Серіктестік қабырғасындағы “Жас Мамандар» кеңесінің ұйымдастыруымен ән мен жырдан шашу шашылды. Еліткен вальс биленіп, поэзияның тиегі ағытылды. Жігіттер тарапынан нәзік жындыларға алғыс айтылып, ынта-ықыласқа бөленді.
![]()
Мерекелік отырыста С.А. Аралбаева, У.Б. Бекжанова, К.А.Дуйсенбаева, А.Ж.Жубанова, Ф.М.Нурсейтова, К.А.Темирбаева, А.Б.Турсыналиева сынды қызметкерлер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атынан алғыс хаттармен марапатталды.
![]()
![]()
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас директоры О.Н.Тарғынов атынан А.Абдирахманова, Ж.С.Бисембиева, Г.М. Кожанепесова, Г.М.Кульчукова сынды қызметкерлер «Құрмет» грамотасын иемденді.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс