Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ Астанада ҚазМұнайГаздың жастар форумы өтіп жатыр

Астанада ҚазМұнайГаздың жастар форумы өтіп жатыр

« Назад

Астанада ҚазМұнайГаздың жастар форумы өтіп жатыр 13.08.2026 14:00

Іс-шараға ұлттық компания іске қосқан OiLeaders бағдарламасы аясында іріктеуден өткен 200 жас маман қатысуда.

Форумда сөз сөйлеген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов бүгінде ҚМГ компаниялар тобында 15 мыңнан астам жас маман еңбек етіп жатқанын атап өтті. Компания жұмысшы мамандықтар мен заманауи дағдыларды меңгеруге баса назар аудара отырып, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамытуды жалғастырып келеді.

— Жақында іске қосылған OiLeaders бағдарламасы жаңа идеялар ұсынуға және өз еңбегімен саланың дамуына үлес қосуға қабілетті мұнай-газ секторындағы көшбасшылардың жаңа буынын даярлауға бағытталған. Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында жаңа технологиялар ерекше маңызға ие. Сіздер осы күндері жасанды интеллект, коммуникация, көшбасшылық және зияткерлік әлеуетті дамыту бойынша тренингтерден өтетін боласыздар. Жинаған білімдеріңізді алдағы жұмыстарыңызда қолданасыздар деп сенемін, — деді ҚМГ басшысы.

Сондай-ақ Vibe Coding және ЖИ-агенттерді әзірлеу бойынша оқулар өтеді.

Екі күн бойы қатысушылардың белсенділігі мен практикалық дәрістердегі нәтижелері бағаланады. Форум қорытындысы бойынша үздік 100 маман ҚазМұнайГаздың жас көшбасшылары қатарына еніп, оқу процесін жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.

— Жалпы OiLeaders бағдарламасына қатысуға 435 адам өтінім берді. Бұл — жастарымыздың дамуға, жаңа идеялар ұсынуға және көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруге деген ұмтылысының айқын көрінісі, — деп түйіндеді ҚМГ басшысы.

65545404024024404500402

5475775120124540402

Снимок экрана 2026-08-19 145447

8430125404504,40404

566662050,35,5205050

5445400442001424040


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»