
Еліміз бойынша өршіп тұрған індетпен қарсы күресте "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігі қызметкерлері де қалыс қалмады. Сыни сәтте ұжым мамандары дәрігерлерден де, ауруға шалдыққан науқастардан да қажетті тұста көмегін аямады. Серіктестік қызметкерлері өз еріктерімен қаржы жинап, қажеттілігіне қарай жұмыс күшімен де көмек көрсетті. Ұйымдастыру, тасу, тасымалдау қызметтеріне де атсалысты.
Індеттің асқынып, дәрігерлердің күші жетпей, науқастардың саны артқан шақта жалпы қала халқына қолдау көрсету мақсатында Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына көмек қолын созды. Аурухананың жуыну бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, керек құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Бұл нысанға көмек көрсету кезінде серіктестік мамандары тарапынан өз еріктерімен 800 мыңға жуық қаражат жинақталды.