Аяулы аналар! Құрметті қыз-келіншектер!
Сіздерді келіп жеткен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры іспеттес нәзік жандыларымыз қашанда сый-құрметке лайық. Бізге жарық дүние сыйлаған аналарымызға өміріміздің соңына дейін бас иіп өту - парызымыз. Ал, ұрпағымызды жалғастырып, ошағымыздың отын жағатын әйелдерімізді, ару қыздарымызды әрдайым қадірлеп, әр күні ілтипат көрсетсек те жарасады.
Шұғылалы көктеммен бірге келген ерекше мерекеде барша нәзік жандыларымызға зор денсаулық, мол бақыт тілеймін! Айналаңызға сәуле шашып, махаббат сыйлаудан шаршамаңыздар! Әрдайым абыройларыңыз асқақтап, сүйіспеншілікке бөленіп жүре беріңіздер! 💐💐💐
Құрметпен, "ӨзенМұнайСервис" ЖШС Бас директоры
Мыңтұрғанов Қанағат Нұрымұлы