«Балақайда» 48-баланың тұсауы кесілді
«Балақай» оңалту орталығында үш мәрте ем-шарасын қабылдаған Исламбек Тілекбайдың тұсауы кесілді.
Екі жастан асқан балдырғанның тәй-тәй басқан қуанышына «Өзенмұнайсервис» ЖШС ұжымы ортақтасты.
Серіктестік бас директорының қызметкерлерді басқару, еңбекақы төлеу, әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Нұрым Ермағанбетов, «Жөндеу» ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті ҚБ төрағасы Қыдырсых Сүндетбевй, әлеуметтік саясат және шаруашылықпен қамту бөлімі бастығы Сәрсенбай Аманғали балапанға ақ тілегін айтып, ұжым атынан мәшине, жұмсақ қонжық тарту етіп, орталық мамандарына гүл шоғын сыйлады.
– «Балақай» ұжымына шын жүректен алғыс айтамын. Тұңғыш балам Ермекті де осы орталық мамандары аяққа тұрғызған еді. Қазір сегіз жаста, мектепке барып жүр. Еңбегіңіз жана берсін, – деді Исламбектің шешесі Жанар Жапарова.