
"ӨзенМұнайСервис" ЖШС-де 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндер арасында пандемиядағы карантиндік шектеулерге байланысты онлайн форматта өнер сайысы өткізілді.
Сайыста серіктестік қызметкерлерінің ұл-қыздары бейнелеу, көркем сөз оқу, би өнерінен бақ сынады. Конкурс шарты бойынша барлық қатысушылар жұмыстарын фото, видео ретінде электронды форматта жолдады. Конкурсқа белсенді қатысқан балаларға серіктестіктің бас директоры Қ.Мыңтұрғанов атынан алғыс хаттар табысталып, сыйлықтар тарту етілді.