БАЛАЛАР МЕКТЕПКЕ БАРАДЫ 01.09.2021 00:00
"ӨзенМұнайСервис" ЖШС мамандары жыл сайынғы дәстүр бойынша "Мектепке жол" акциясы шеңберінде екі бүлдіршінге қуаныш сыйлады.
Серіктестіктің басшылары бастау болған игі шарада қызметкерлер жеке қаражаттары есебінен аз қамтылған екі отбасының балаларын толыққанды мектепке дайындауға атсалысып, оқу құралдары мен мектеп формасын сатып алып берді. Сондай-ақ, портфель, аяқ киім және спорттық костюмдер тарту етті.
Балалар қуанышын жасырмады, өз кезегінде ата-аналар алғысын жаудырды.
Қайырымдылық акциясына 100 мың тг-ден астам қаражат жинақталды.