![](/thumb/2/hVeHj4aep9pYLlG8PakrYQ/150r150/d/mg_0369_kopiya.jpg)
"ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі балаларға арнап жаңа жылдық шырша мерекесін ұйымдастырды. Жаңа 2018 жыл қарсаңында серіктестік қабырғасында қызмет ететін мамандардың 2200-ге жуық балалары мен қаламыздағы 85 мүмкіндігі шектеулі балалардың басын қосып, мерекеге орай сыйлықтар табыс етті.
"Мұнайшы" мәдениет үйінде 24-27 желтоқсан аралығында балаларға арналған ертеңгіліктер жасап, ертегі кейіпкерлерінің атсалысуымен бөбектерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
#Қазақстан #Маңғыстау #Жаңаөзен #ҚазМұнайГаз #Өзенмұнайгаз #Өзенмұнайсервис #ӨМС #ӨМГ #KMGEP #OMS #ЖасМаман