Құрметті, жерлестер! Қадірлі әріптестер!
Баршаңызды бүгінгі ұлттық мереке 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 34 жыл бұрын, яғни, 1990 жылы дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №307-XII жарлығымен “Егемендік туралы” декларация қабылданды. Алғаш рет 1995 жылы қазанда Республика күні мемлекеттік мереке болып жарияланды.
- Егемендік туралы декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі және Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды.
- Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.
2009 жылы Заңға өзгерістер енгізіліп, мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Ал, 2022 жылғы 16 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен 25 қазан – Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды.
Дендеріңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз! Әрдайым мемлекетіміздің мерейі үстем болып, ырыс-ынтымағы арта берсін!
Игі тілекпен, “ӨзенМұнайСервис” ЖШС Бас директоры Қанағат Мыңтұрғанов