
"ӨзенМұнайСервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаев серіктестік қабырғасында қызмет ететін шеберлермен жеке танысып, кездесу өткізді. Жиында мамандарды өз іс-тәжірибесімен xабардар етіп, еңбектегі бағыт-бағдарымен бөлісті.
Сонымен қатар, отырыста жиынға қатысушылар келе жатқан жаңа 2018 жылдағы "ӨзенМұнайСервис" ұжымына белгіленген бірқатар міндеттер мен алға қойған серіктестіктің жылдық жоспарын талқылады.
Мамандар "ӨзенМұнайСервис" серіктестігі қызметінің өркендеуіне қатысты жеке ұсыныстарын айтып, өз ойларын ортаға салды.
#Қазақстан #Маңғыстау #Жаңаөзен #ҚазМұнайГаз #Өзенмұнайгаз #Өзенмұнайсервис #ӨМС #ӨМГ #KMGEP #OMS