«БІРЛІКПЕН АЛҒА!»
«ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның ұйымдастыруымен қала көлемінде «Бірлікпен алға» атты жүгіруден марафон өткізілді. Спорттық шараға «ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары да белсене қатысты.
Жаңаөзен қаласының 50 жылдық мерейтойына орай өткізілген марафонға қатысушылар Р.Өтесінов атындағы спорт кешенінің алдында белгіленген сөреден бастап, «Жаңаөзен» сауда орталығының алдымен, «Көктем», «Самал» шағын ауданына қарасты орталық көшелер арқылы 5 шақырым жүгіріп өтті. Нәтижесінде «ӨзенМұнайСервис» ЖШС маманы Төребек Лепесов марафонның І орынын иемденді. Әріптесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сондай-ақ, 11 қараша күні әлемдік деңгейде бірқатар ерекше марафондар өткізілді. Оның бірі 44500 үміткер қатысқан Греция мемлекетінде өткен 36-шы афиналық классикалық марафоны болса, енді бірі 16 мыңнан астам үміткер қатысқан Түркия мемлекетінде өткен 40-стамбулдық марафоны еді. Ал, Алматыда 10 қараша күні Бүкіләлемдік қант диабетімен күрес күні қарсаңында «Жүгіру арқылы көмектесемін» деген ұранмен күзгі жүгіріс жарысы ұйымдастырылды.