«ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігі жанынан құралған Жас Мамандар кеңесінің және Маңғыстау обылостық Жас Мамандар Кеңесінің альянысының ұйымдастыруымен серіктестіктің бас ғимаратында «Брейн – ринг» интеллектуальдық ойыны болып өтті.
Аталмыш сайысқа, «ӨзенМұнайГаз» «ӨзенМұнайСервис» «ҚаражабасМұнай» «ТұлпарМұнайСервис» «АрғымақТрансСервис» «ҚазМұнайТеңіз» «Бұрғылау» «СӨТБ» мекемелерінің қызметкерлері қатысып, өздерінің ұшқыр ойларын, және тапқырлығын көрсетті. Ойынның мақсаты, мұнайшы жастардың білімдерін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу, интеллектуалдық біліктілігін жетілдіру және қызметкерлер арасындағы байланысты нығайту.
Қаламызбен еліміздің болашағы мен тарихына қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімді тәрбиелеу болып табылады. Ереже бойынша жарыста, қатысушыларға сұрақ қойылып, оған әр команда мүшелері 20 секунд ішінде жауап беруі тиіс.
Ойыншылардың айтуынша, сайыс барсында, әр түрлі тақырыптармен және қызықты сұрақтар қойылып, тіпті кей біреуі сонау 90-жылдарға саяхат жасап келгенін айтты. Бастысы бәріде риза. Болашақта осындай ойындар, жие болып тұрса екен деген тілегін білдірді, Ойын соңында жеңіске жеткен командаларға, алғыс хаттар беріліп, үздік ойыншылар марапатпен марапатталды.
Ойынға қатысқан әр бір ойыншыға, болшақта Республикалық сайыстарға жолдама алуын тілеп қаламыз.