«ӨзенМұнайСервис» ЖШС бас ғимаратында мұнай-газ саласының ардагерлері мен жас мамандардың тағылымды кездесуі өтті.
Бұл басқосудың негізгі мақсаты – еңбек майданында шыңдалып, абыройлы қызмет атқарған ардагерлеріміздің өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолын жас мамандарға үлгі етіп көрсету. Ардагерлердің еңбекке деген құрметі мен кәсіпке деген адалдығы – бүгінгі жас буынға баға жетпес сабақ.
Жиын барысында ардагер мұнайшылар еңбек жолындағы қиындықтар мен жетістіктері жайында естеліктерімен бөлісіп, жас мамандарға ақыл-кеңестерін жеткізді. Өз кезегінде жас қызметкерлер ардагерлерге алғыс білдіріп, алдағы уақытта саланың дамуына аянбай еңбек етуге дайын екендіктерін атап өтті.
Мұнайшы мамандығы – қажырлы еңбек пен табандылықты қажет ететін, ел экономикасының өзегін құрайтын жауапты сала. Сол себепті еңбек адамына құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың, жас буынға сенім мен жігер берудің айқын көрінісі.
🙏 Ардагерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз! Ал жас мамандардың алдағы еңбегіне табыс пен биік жетістіктер серік болсын!
![]()
![]()
#ӨзенМұнайСервис #ЕңбекАдамы #АрдагерлерҚұрметі #ЖасМамандар #МұнайшыРухы