Тамыз айында "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігі тағы да зейнет жасына жеткен мамандарға құрметті еңбек демалысына жолдама берді.
Бұл жолы "ӨзенМұнайСервис" ұжымы мұнай саласының дамуына үлес қосып, ұзақ жылдар бойы абыройлы, өнегелі еңбек жолын жүріп өткен Ғайнолла Құдайбергенов пен Сағитжан Тасщановты зейнет демалысына шығарып салды.
Қос ардагер де еңбек жолында жемісті қызмет етіп, бірлік пен шыдамдылықты, ынта мен жігерді айналасына үлгі еткен білікті мамандар. 5 дәрежелі көтергіш машинисті Ғайнолла Құдайбергенов жалпы мұнай-газ саласында 37 жылдай тер төксе, 5 дәрежелі бұрғышы Сағитжан Тасщанов 44 жылдан астам уақыт тапжылмай еңбек еткен.
Серіктестік мамандары құрметті еңбек демалысына жолдаманы әр қызметкердің үйіне барып табыстады. Зейнеткерлерге алғыс хат арналып, арнайы тапсырыспен жасалған сыйлықтар берілді.