"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігі тағы бір еңбек ардагеріне зейнет демалысына жолдама сыйлады.
![]()
5 дәрежелі бұрғышы Қарабеков Берғожа Қойлыбайұлы - мұнай-газды игеру саласында 42 жылдан астам уақыт тер төккен. Саналы ғұмырында ұзақ жылдар бойы саланың өркендеуіне атсалысқан ел ағасы құрметті еңбек демалысына шықты.
![]()
Еңбек ардагері Бергожа Қарабековті серіктестік басшылығы арнайы құттықтап, зор алғыс білдірді. Гүл шоқтарын табыс етіп, азаматтың иығына ұлттық нақыштағы шапан жапты.
![]()
Зейнеткер атанған маман өз кезегінде ұжымына игі тілегін жеткізді.