1-қазан Қарттар күніне орай «ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінде еңбек ардагерлеріне арналған мерекелік кездесу өткізілді. Салтанатқа арнап дәмдіге толы ақ дастархан жайылып, ас берілді.
![]()
![]()
![]()
Салтанатты отырыста арнайы өнерпаздардың қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Шарада жыр-өсиет айтылып, әсерлі ән мен күмбірлеген күй тартылды. «Ақсақалды қария – ағып жатқан дария» демекші жиналған үлкендеріміз де кездесу барысында ерекше естеліктерімен бөлісіп, ұжымға алғыс-тілектерін жеткізді. Сондай-ақ дастарханның ақ батасын берді.
![]()
![]()
![]()
Қарияларға, еңбек ардагерлеріне арналған бұндай шара «ӨзенМұнайСервис» серіктестігінде бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Игі шара осыған дейін бірнеше рет ұйымдастырылды және алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
![]()
![]()
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс