
“ӨзенМұнайСервис” ЖШ серіктестігінде қос ардагерге зейнет демалысына жолдама берілсе, қос ардагер Энергетика министрлігінің арнайы төсбелгісін иемденді.
“Еңбектің зейнеті бар” демекші құрметті еңбек демалысына шыққан маманның бірі - Келдібай Ұзақбаев. Мұнай және газ өндіру, өңдеу саласында қызмет еткен еңбек өтілі 45 жыл 4 айды құраған. Ал, екінші ардагер Сүйіндік Төленовтің салада еңбек еткеніне 40 жыл 8 ай толған. Әріптестерімізді абыройлы белеске аман-есен шығумен шын жүректен құттықтаймыз.
Серік Медетбаев және Наурызбай Қонарбаев сынды қызметкерлер ҚР Энергетика министрлігінің “Еңбек ардагері” медалімен марапатталды. Марапат мерейді үстем етеді. Ардагерлеріміздің жетістігі үшін шын қуанышты екендігімізді жеткіземіз.