ЕҢБЕК АРДАГЕРЛЕРІНІҢ ҚҰРМЕТІНЕ... 20.10.2023 00:00
Шараның құрметті қонақтары ретінде компаниямыздың өркендеу жолында зор үлес қосқан ардақты еңбек ардагерлері шақырылды.
Мерекелік басқосуда компания басшылығы серіктестік зейнеткерлеріне саланың даму жолында жасаған еңбегі үшін алғыс білдірді. Арнайы концерттік бағдарлама да ұйымдастырылды. Өнерпаздар қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады, соның ішінде Серіктестіктің қызметкерлері Жандос Бағытжан мен Абай Жолмағанбетов сынды жас мамандарымыз өз өнерлерін көрсетті.