ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ЖОЛДАМА БЕРІЛДІ
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС ұжымы зейнет жасына жеткен тағы бір еңбек ардагері Чанкурбаев Сагыныш Кадыровичті құрметті еңбек демалысына шығарып салды.
Чанкурбаев Сагыныш Кадырович Серіктестігіміздің автотізбегінде аға механик қызметін атқарған. Еңбек ардагері бар ғұмырын адал еңбекке арнай отырып, қызметте абыройлы, ортасына сыйлы азамат атанған. Сонымен қатар өзіне артылған жауапкершілікті бұлжытпай орындап, соңынан ерген мамандарға үлгі бола білген.
Еңбек ардагері Чанкурбаев Сагыныш Кадыровичке «ӨзенМұнайСервис» ЖШ Серіктестігі атынан зейнет демалысына шығуымен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз.
#қазақстан #маңғыстау #жаңаөзен #казаxстан #мангистау #жанаозен #өзенмұнайсервис #озенмунайсервис #ozenmunaiservice #ozenmunaigaz #өзенмұнайгаз #озенмунайгаз #kmgoms #oms #омс