Еңселі Егемендігімізді айқын еткен Республика күні баршамызға құтты болсын!
25 қазан – ұлтымыздың тарихындағы ерекше күн. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ АКСР-інде «Егемендік» декларациясы қабылданды. Өз кезегінде еліміз үшін бұл да жоғары маңызға ие құжаттардың бірі.
33 жыл бұрын егемендігіміздің құжатын жасақтадық. 2001 жылдан бастап 25 қазан – Республика күні ретінде тойланып келді. Алайда, белгілі бір себептерге байланысты арада бұл күнді – мерекелік күндер қатарынан алып тастаған болатын.
Былтыр ғана мемлекет басшысының бұйрығымен қайтадан өз мәртебесін алып, ресми мерекелік күндер тізіміне қосылды. Бұл өз кезегінде болашақ ұрпақ жадында сақталуы үшін жасалған игі іс деп білеміз.
Ата-бабамыз үшін қастерлі болған бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің таңының атуына себепкер болған Республика күнімен! Мемлекетіміздің тыныштығына ұлтымыздың бақытты болуына – әрбіріміз жауаптымыз. Ел іргесін бекітіп, тәуелсіздігімізді сақтау, көпті бірлікке шақыру, әлемдік ареналарда ұлт мүддесін асқақтату – баршамызға ортақ міндет.
Осындай ерекше мерекеде әрбір қазақстандыққа жақсылық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Айбынымыз асқақ, рухымыз биік болсын! Бақытты, бай-қуатты ел болуды жазсын!