ЕКПЕ АЛУ - ІНДЕТТІҢ ҚАЛҚАНЫ 23.07.2021 00:00
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігі мен Медициналық орталығының мамандары бірлесе отырып, серіктестік қызметкерлеріне ерікті түрде вакцина алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Дәрігерлер қызметкерлерге инфекцияның жұғу қаупі жоғары, індет асқынған шақта одан қорғанудың тиімді жолы - екпе алудың маңызды екендігін айтты. Өз кезегінде медициналық орталығынан келген эпидемиолог-дәрігер қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.