БАБАЛАР ЖҮРГЕН ІЗБЕНЕН

Мамыр айында “ӨзенМұнайСервис” ЖШС ұжымы “Бабалар жүрген ізбенен” атты экспедиция шарасын өткізді.
![]()
Шара аясында компания мамандары “Ыбықтысай”, “Айрақты” және “Шерқала” сынды өңіріміздегі ерекше орындарға барып, тарихымен тереңінен танысып қайтты.
![]()
Бұл экспедиция алғаш рет өткізіліп отыр. Шараны өткізудегі мақсат - облысымыздағы тарихи орындарды аралап, ондағы ескерткіштер мен қасиетті орындардың тарихымен танысу.
![]()