«ӨзенМұнайСервис» ЖШ серіктестігінің бірқатар мамандары елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан арнайы алғыс хат алды. Олардың қатарында Мырзаболат Таласбаев, Дәулет Нөкеров, Нұрболат Үрпеков, Али Өсербаев, Нұрсұлтан Ақжолов, Сәбит Қаржаубайұлы, Орынбасар Сейдов сынды қызметкерлер бар.
Еліміздің тұңғыш президенті «ӨзенМұнайСервис» компаниясының мамандарын ҚР Парламентінің Мәжілісі мен маслихат депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлестері үшін алғыс айтқан. Алдағы уақытта да осындай игі істерде белсенділік көрсететініне сенім білдіріп, жылы лебізін жолдаған.
Бас қаладан келген алғыс хаттарды «Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Житек Мұханов табыс етті.