
Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Қордың Басқарма Төрағасының төрағалығымен 2023 жылы «Самрук-Қазына» АҚ компаниялар тобында өндірістік қауіпсіздік саласындағы қызмет нәтижелері бойынша портфельдік компаниялардың бірінші басшыларының қатысуымен қорытынды кеңес өткізілді. Кеңес барысында портфельдік компаниялардың қызметкерлерін, оның ішінде «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкерін уақытылы көрсеткен медициналық көмегі және әріптестерінің құтқарылған өмірі үшін марапаттау рәсімі өтті.