Бір күнде қос марапат! "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінің жас мамандары марапатталды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша "Самрұқ Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-ның ұйымдастыруымен өткен республикалық "Еріктілер" атты сайыста "Жеке ерікті" номинациясы бойынша Орынбасар Сейдов І орынды қанжығасына байлады. Жеңімпазға арнайы белгі мен қаржылай сыйақы берілді. Және осы сайысқа белсенді қатысқаны үшін Дәулет Нөкеров, Әли Өсербаев, Мырзаболат Таласбаев сынды жастар алғысқа бөленіп, ынталандыру сыйлықтарын иеленді.
Осы күні жоғарыда аты аталған қызметкерлер "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ына еншілес және тәуелді мекемелер арасында өткен "Үздік волонтер" атты сайыстың нәтижесі белгілі болып, Дәулет Нөкеров, Әли Өсербаев, Орынбасар Сейдов басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың құрмет грамотасымен марапатталды.