
Мұнай және газ өндіру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп жүрген "ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінің 5 дәрежелі бұрғышысы Жұмаш Жолмұхамбетов, 4 дәрежелі бұрғышы көмекшісі Ахмед Асадов, 5 дәрежелі көтергіш машинистері Мұрат Толқынбаев және Орынбай Төлеуов сынды мамандар зейнет демалысына жолдама алды.
Ғұмырының 40 жылдан астам уақытын қызметке арнаған Жұмаш Жолмұхамбетов пен Ахмед Асадов –абыройлы еңбек үлгісін көрсете білген білікті мамандар. Ал, Мұрат Толқынбаев 30 жылға жуық еңбек етіп, Орынбай Төлеуов 21 жылдан астам уақыт қызмет қылып, барлығы сала дамуына өзіндік үлесін қосқан жандар.
Биыл абырой арқалап, құрметті еңбек демалысына шығып отыр. Ұжым атынан ардагерлерді кезекті биігін бағындыруымен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріне саулық, жанұяларына амандық тілейміз!
Компания атынан ардагерлерге құрмет грамотасы беріліп, иықтарына шапан жабылып, сый-сияпат тарту етілді.