
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде үш маман еңбек демалысына жолдама алды. Олардың қатарында еңбек өтілі 40 жылдан асқан скважиналарды күрделі жөндеу цехының 5 дәрежелі бұрғышысы Мұсаев Сәрсенғали, мұнай саласында 20 жылдан астам қызмет еткен СКЖ цехының 5 дәрежелі бұрғышысы Есіркенов Абдулла және автотізбектің 5 дәрежелі көтергіш машинисті Басбаев Нарлшбай бар.
Ұзақ жылдар бойы үздіксіз көптің игілігі үшін қызмет қылып, абыройлы зейнет жасына жеткен азаматтарды ұжым басшылығы құттықтап, арнайы сый-сияпат тарту етті.