ЕКПЕ - ІНДЕТТЕН ҚОРҒАЙДЫ 08.06.2021 00:00
"ӨзенМұнайСервис" ЖШ серіктестігінде "екпе алу" жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жиын өткізілді. Жиынға "Нейрон" медициналық орталығының мамандары шақырылды. Дәрігерлер екпенің маңыздылығына кеңінен тоқталып, тиімді сақтану шараларымен таныстырды. Серіктестік қызметкерлері тарапынан туындаған сауалдарға жауап берді.