
Бүкіл әлемді жайлаған COVID-19 вирусын бақылауға алу вакциналардың көмегімен ғана мүмкін.
Ол өз кезегінде ұжымдық иммунитетті дамытуға жағдай жасайды. Осы ретте "ӨзенМұнайСервис" ЖШС-де екпе алу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Кезекті шара серіктестіктің 1,3 цехтарында өткізілді. Жиынға "Neiron” медициналық орталықтың дәрігерлері арнайы шақырылды.