
«ӨзенМұнайСервис» ЖШС Бас директордың қызметкерлерді басқару, еңбекақы төлеу және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Н. Ермаганбетов Серіктестіктің жұмысшылары, Е. Конхиев, Л. Демегенов, А. Кадирмаганбетовты қабылдап, Құрмет грамотасын табыстады.
Қазақстан Республикасының мұнай-газ өнеркәсібі мен компанияның дамуы жолындағы қажырлы еңбегі, саланы нығайтуға қосқан зор үлесі, жоғары кәсіби білікттілігі мен жетістіктері үшін және Ұлттық мереке - Республика күніне орай «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның Құрмет грамотасымен және төс белгісімен марапатталды. Жұмысшылардың ой пікірлерін тыңдап, олардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Марапатталушыларды шын жүректен құттықтаймыз.