Құрметті әріптестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – ел бірлігі мен тұрақтылықтың, жарқын болашаққа деген сенімнің символы.
Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, еліміздің еңсесі әрдайым биік болсын!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға береке, елімізге баянды даму тілеймін.
Еңбектеріңіз берекелі болып, табыстарыңыз арта берсін!
Бас директор Шырақбаев Дамир Әлібекұлы
![]()