«ӨзенМұнайСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде зейнет жасына жеткен мамандарға құрметті еңбек демалысына жолдама берілді. Серіктестік бұл жолы тағы да қос ардагерге ілтипат көрсетті.
![]()
![]()
«ӨзенМұнайСервис» ұжымында арнайы салтанатты шара ұйымдастырылды. Серіктестіктің бас директоры Қанағат Нұрымұлы жиында 5 дәрежелі көтергіш машинисі Әділхан Өтебеков пен скважиналарды күрделі жөндеу шебері Қыдырсиық Утарбаевты зейнет жасымен құттықтап, оларға алғыс хат табыстады. Еңбек ардагерлеріне естелік-сыйлықтар беріліп, гүл шоқтары сыйға тартылды.
![]()
![]()
Еңбек ардагерлері 5 дәрежелі көтергіш машинисі Әділхан Өтебеков мұнай-газ саласында 43 жыл, ал скважиналарды күрделі жөндеу шебері Қыдырсиық Утарбаев 36 жылдан астам уақыт аталмыш саланың дамуына еңбек сіңірген.
![]()
![]()