Қарттық – ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Қарттарымыз - еліміздің өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз. Үлкенді сыйлау – ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз.
Осындай ұранды ту еткен "ӨзенМұнайСервис" ұжымы жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл да Серіктестіктің ардагер зейнеткерлеріне "Қарттар күніне" орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өткізді. Шара барысында оларға алғыс айтып, көңілдерін қуантты. Қиын кезеңдерден, белестерден өтіп, ақсақал мен ақ жаулықты әже болған қарияларымызға арналған шарада оларға арнап сахналық көріністер қойылып, әуезді әндер мен термелер айтылды. Құрметті қонақтарға мерекелік сый-сияпат тарту етілді.
Қазақ халқы үлкеннен ұлағат алып, қашанда құрмет көрсете білген. Олардың әр сөзін, ақылын, тілегін орындауға асыққан. Тіпті жаугершілік заманның өзінде үлкеннің сөзінен аттап, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардың кесіміне қарсы келмегені тарихтан белгілі. Өйткені олардың әр тәлімінде ұлағат бар.
Тілеуі адал, арманы татулыққа айналған ардақты жандар қазір де қарттықтық құнын көрсетіп, бір елдің ұйытқысына айналып отыр.