ҚазМұнайГаз халық игілігіне бағытталған әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, өңірлердің дамуына үлес қосуда
📱ҚМГ әлеуметтік жауапты компания ретінде өз кәсіпорындары орналасқан аймақтарда білім беру, мәдени, медицина және спорт нысандарын салуға қолдау көрсетіп келеді.
🟦Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында соңғы жылдары жүзеге асырылған ірі жобалардың қатарында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауыты, заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы, Орал қаласындағы «Jaiyq Arena» спорт кешені бар.
🟦Сонымен қатар Атырауда болашақ мамандарды даярлауға арналған оқу-өндірістік полигоны, балалардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін Қызылордада Оқушылар сарайы, Атырау облысы Құлсары қаласында балаларды оңалту орталығы және басқа да әлеуметтік маңызға ие нысандар салынды.
✔️Бұл бастамалар инфрақұрылымды дамытумен қатар, тұрғындардың күнделікті өміріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
▶️Назарларыңызға ұлттық компанияның негізгі әлеуметтік жобалары туралы деректі фильмді ұсынамыз.
🚀 ҚазМұнайГаз