Главная \ ЖАҢАЛЫҚТАР \ ҚазМұнайГаз Маңғыстау облысында «Үздік маман» байқауында жылдың үздік 17 қызметкерін анықтайды...

ҚазМұнайГаз Маңғыстау облысында «Үздік маман» байқауында жылдың үздік 17 қызметкерін анықтайды...

« Назад

ҚазМұнайГаз Маңғыстау облысында «Үздік маман» байқауында жылдың үздік 17 қызметкерін анықтайды... 07.10.2024 00:00

 

 

🟦ҚазМұнайГаз Маңғыстау облысында «Үздік маман» байқауында жылдың үздік 17 қызметкерін анықтайды

Маңғыстау облысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобына қарасты жұмысшы мамандықтары арасында жыл сайынғы «Үздік маман» байқауы басталды. Сайыс 8-12 қазан аралығында өтеді.

👥 Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласындағы ҚМГ кәсіпорындарынан келген 300 адам бақ сынайды. Биыл байқауға алғаш рет Румыниядағы KMG International мамандары қатысып жатыр.

«Үздік маман» байқауы жұмысшы кәсіптерінің мәртебесін көтеруге және қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін шыңдауға ықпал етеді.

Байқау 17 мамандық бойынша өтеді және екі кезеңнен тұрады.
⏩Бірінші кезең — компьютерлік тестілеу арқылы теориялық білімді тексеру.
⏩Екінші кезеңде жұмысшылар «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орындарында, Ақтау қаласындағы «ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының оқу орталығында және «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС химиялық талдау зертханасының базасында практикалық тапсырмаларды орындайды.

✔️Екі кезеңнің қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының үздік мамандары анықталатын болады.

WhatsApp Image 2024-10-14 at 10.24.57 WhatsApp Image 2024-10-14 at 10.24.59 (1) WhatsApp Image 2024-10-14 at 10.24.59 (2)

WhatsApp Image 2024-10-14 at 10.24.58 WhatsApp Image 2024-10-14 at 10.25.00

WhatsApp Image 2024-10-14 at 10.25.00 (1) WhatsApp Image 2024-10-14 at 10.24.59

WhatsApp Image 2024-10-14 at 10.25.01 WhatsApp Image 2024-10-14 at 10.25.01 (1)
📱 ҚазМұнайГаз
@kazmunaygaspress


БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР
"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы
"ӨзенМұнайГаз" акционерлік қоғамы
"KMG EP - Catering" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ САТЫП АЛУ ПОРТАЛЫ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ
Тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасы
АО «НАК «Казатомпром»
«Самұрық-Энерго» АҚ
АО «KEGOC»
«Қазақтелеком» АҚ
АО «НК «Казахстан Темир Жолы»
АО «Казпочта»
АО «Эйр Астана»
АО «НГК «Тау-Кен Самрук»
ТОО «Самрук-Казына Инвест»
ТОО «Самрук-Казына Бизнес Сервис» - Samruk Qyzmet
QAZAQ AIR
АО «Международный аэропорт Атырау»