ҚАЗМҰНАЙГАЗ СПАРТАКИАДАСЫНДА ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Павлодар қаласында өткен “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ спартакиадасының финалдық ойындарында “ӨзенМұнайСервис” ЖШС намысын қорғаған екі маманымыз топ жарып, чемпион атанды.
- 40 жастан асқандар арасында Әлібек Дузбаев жүзуден І орын иегері болды.
- 80 келіден төмен салмақта қол күрестен бақ сынаған Даурен Еңсеп те І орынға табан тіреді.
ҚМГ компаниялар тобының 27 мекемесінен 600-ден астам спортшы қатысқан додада “ӨзенМұнайСервис” командасы кибер спорт, аркан тарту, мини футбол, тоғыз кұмалақ сынды спорт түрлерінен бақ сынады. Жеңіске жетіп, үздік нәтиже көрсеткен барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
ҚМГ еншілес компанияларының арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін спартикиада биыл Қазақстан мұнайының 125 жылдығына және Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр.