🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында кен орындарды игеру тиімділігін арттыру бағытында қабылданып жатқан шаралар бойынша еншілес кәсіпорындар басшыларының есептерін тыңдады.
◾️2025 жылдың қорытындысы бойынша жедел деректерге сәйкес «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (ММГ) және «Қаражанбасмұнай» АҚ-да (ҚБМ) мұнай өндіру көлемі 13,3 млн тоннаны құрады (оның ішінде: ӨМГ — 5,1 млн тонна, ММГ — 6,1 млн тонна, ҚБМ — 2,1 млн тонна).
⚙️ ӨМГ ұңғымалардың жөндеусіз жұмыс істеу кезеңін ұлғайту мақсатында жерүсті инфрақұрылымы мен жерасты жабдықтарын жаңғырту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар ӨМГ-ға мұнай өндіру көлемін ұлғайту үшін суландыруды басқару мен жаңа технологияларды енгізу міндеті қойылды, себебі Өзен және Қарамандыбас кен орындары ескі және игерудің соңғы сатысында тұр.
🔎 ММГ Жетібай тобының спутниктік кен орындарын игеру тиімділігін арттыру тұжырымдамасын ұсынды. Биыл жекелеген кен орындардың геологиялық құрылымын нақтылау үшін дәлдігі жоғары 3D сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу қарастырылған.
📌ҚБМ Қаражанбас кен орнының жағалау аймағын игеру жоспарлары, жүргізілген сейсмикалық барлау жұмыстарының нәтижелерін баяндады. Бұл іс-шаралар қорларды толықтыруға, мұнай өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған.
💻Жиында «Сапарларды басқару», өндірістік қауіпсіздіктің «TUMAR» және электронды наряд-рұқсаттар жүйесін қоса алғанда, ҚМГ еншілес кәсіпорындарында жасанды интеллектіні қолданып цифрлық шешімдерді енгізуге қатысты мәселелер жеке қаралды. Бұған қоса жұмыс істеп тұрған кен орындарының цифрлық көшірмесі жасалады деп жоспарланып отыр.
🏭«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС 2025 жылы 856,4 млн м³ шикі газды өңдеп, нәтижесінде 711,2 млн м³ тауарлық газ, 204 мың тонна сұйытылған мұнай газын және 55,4 мың тонна пентан-гексан фракциясын өндірді.
🟦Сондай-ақ жиын барысында Жаңаөзенде салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауыты құрылысының қазіргі жай-күйі талқыланды. Жоба Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылуда және жылына 900 млн текше метрге дейін табиғи мен ілеспе газды өңдеуге қауқарлы заманауи өндірістік кешен құруды көздейді.
![]()
![]()